«Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам: құқық қорғау органдарының өкілдері студенттермен кездесті

02.03.2026 17:01

Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды

ruh.almaty

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы мен ALT университеті бірлесіп «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Спикер ретінде Алмалы аудандық полиция департаменті мен прокуратура қызметкерлері сөз сөйледі. Құқық қорғау органдарының өкілдері интернет-алаяқтық, киберқылмыс, жеке деректерді қорғау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелерін түсіндіріп, құқықтық мәдениет пен әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» идеологемасының мәні, оның бүгінгі қоғамдағы орны мен референдумға шығарылған Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында көрініс тапқаны атап өтілді.

Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Оқи отырыңыз: STOP СТАЛКИНГ: Алматыда11 қылмыстық іс тіркелді