«Заң және тәртіп» қағидаты: Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары қызметке кірісті

19.02.2026 10:01

Әскери қызметшілеріне «Конституцияға адалмыз!» жадынамасы табысталды

Қоғамдық даму орталығы / Масалим А.

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің 406 әскери қызметшісінің жауынгерлік қызметке кірісуіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әскери қызметшілер мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттерін орындауға кірісті.

Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлегендер:

  • әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы Азеров Нұрлан Ташназарович;
  • Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығы басшысының орынбасары Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы.

Әскери бөлім басшылығының атынан сарбаздарға антқа, мемлекетке және заңға адалдықтың нышаны ретінде «Конституцияға адалмыз!» атты естелік жадынамалары салтанатты түрде табысталды.

Спикерлер өз сөздерінде Ұлттық ұланның «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асырудағы, құқықтық мәдениетті нығайтудағы және қоғамдық тұрақтылықты қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Заң жолындағы қызмет – бұл күнделікті жауапкершілік, қатаң тәртіп және антқа берік болу.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның берік негізі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту басталады