Заң және тәртіп: оқушыларға заң бұзу салдары көрсетілді

23.05.2025 15:10

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға әкімшілік және қылмыстық кодекстегі маңызды баптарды түсіндірді

Алматыда оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға арналған түсіндіру жұмыстары өтті. Оны ювеналды полиция мен учаскелік инспекторлар ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушылармен ашық пікірлесіп, әкімшілік және қылмыстық кодекстегі маңызды баптарды түсіндірді. Балаларға сондай-ақ өмірден алынған нақты мысалдар арқылы заң бұзудың салдары көрсетілді. Жауапкершілік туралы кеңінен сөз қозғалып, қауіпсіздік ережелері ескертілген. Мамандар аталған бағыттағы жұмыстардың жыл бойы жалғасатынын айтты.

«Оқу жылы басталғалы бері түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мәселен «Қауіпсіз жол», «Каникулдағы жасөспірім» сынды жобаларымыз бар. Сонымен қатар ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша балалардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастырамыз деп ойлаймын», – деді Әуезов аудандық ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Әйгерім Бейсекова.

Оқи отырыңыз: Шымкентте мектеп директоры мен есепшісі 8 жылға сотталды