Жаңа Конституцияда ғылым мен білім Қазақстан дамуының стратегиялық басымдығына айналады — Вячеслав Локшин

02.02.2026 14:20
Үкіметтің баспасөз қызметі

Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин ғылым мен білім беруді ел дамуының стратегиялық басымдығы ретінде бекітуді көздейтін конституциялық реформаны қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ғылым мен мәдениеттің рөлін Конституция деңгейінде мойындау еліміздің алға жылжуының негізгі факторы саналады.

"Ғылым, ғалымдар, мәдениет, білім мемлекетімізді дамытудың стратегиялық басымдығы ретінде танылады. Бұл мемлекет іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдайтынын білдіреді. Медицина – ғылым ретінде осындай салалардың бірі.  Конституцияда азаматтың денсаулығына қатысты құқығы бекітілген", — деп атап өтті Вячеслав Локшин.

Оқи отырыңыз: Конституциялық реформалар Қазақстан болашағының берік негізі – Ақылбек Күрішбаев