8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді
Биыл еліміздегі мектептерде 4 миллионнан астам бала білім алады. Оның 380 мыңнан астамы 1-сыныпқа барған бүлдіршіндер. Бұл былтырмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы жаңа оқу жылында 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, басты мақсат – отаншыл, білімпаз, еңбекқор, елге жанашыр, заң мен тәртіпті құрметтейтін азамат тәрбиелеу.
«Баршамызға 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі және жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын. Биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталғалы тұр. Күшіне енген жаңа Конституция адам капиталын білім, ғылым, инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады. Білім ел болашағына салынған стратегиялық инвестицияға, ал ұстаздарымыз мемлекетіміздің адам капиталын қалыптастыратын негізгі тұлғаға айналды», – деді ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Жұлдыз Сүлейменова.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтады