Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы мектептерінің маңында жол қозғалысы қалай реттеледі

28.08.2026 21:58

Алматыда 1 қыркүйектен бастап қауіпсіздік күшейтіледі. Оқу жылының алғашқы күндері қаладағы мектептердің жанында 700-ге жуық полиция қызметкері мен 130-дан аса патрульдік экипаж кезекшілік етпек. Ал көлік көп жүретін учаскелерде инспекторлар жол қозғалысын қолмен реттейді. Мұның барлығы – оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуі үшін және кептелісті болдырмау мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал қоғамдық көліктердің қатынауы қалай ұйымдастырылмақ? Мектеп автобустарының бағыты өзгере ме? Осы және өзге сұрақтарға студия қонағы  Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ешанқұл жауап береді.

Оқи отырыңыз: Алматы мектептері 1 қыркүйекке дайын

Толық көрсету