Желтоқсан айында Алматы, Шымкент және Ақтау сияқты бағыттарға рейстер саны артады
Жаңа жыл қарсаңында әуе және теміржол билеттері қымбаттамайды. Бұл туралы Көлік-вице министрі Мақсат Қалиақпаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, желтоқсан айында Алматы, Шымкент және Ақтау сияқты бағыттарға рейстер саны артады. Халық билет таппай қалмас үшін қосымша пойыздар мен ұшақтар шығарылады. Сондай-ақ вице-министр биыл да, келесі жылы да билет бағасы өспейтінін жеткізді.
«Жолаушылардың 50 пайыздан астамы сапарларын алдын ала жоспарлайды. Яғни, билеттерді ертерек сатып алады. Өздеріңіз білесіздер, билетті ертерек алса, бағасы да арзанырақ болады. Сонымен қатар, келесі жылы билет бағасын көтеру жоспарымызда жоқ», – деді ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Оқи отырыңыз: Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам көшіп келді