Жаңа жыл мерекесінде теміржол қызметкерлері қалай жұмыс істейді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жаңа жылды кейбір теміржолшылар пойызда қарсы алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке күндеріне қарамастан еліміздің теміржол көлігі 24/7 режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлауынша, қызметкерлер жолаушылар мен жүктерді үздіксіз тасымалдауды және теміржол инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Жаңа жылды кейбір теміржолшылар пойызда қарсы алады, өйткені олар пойыз қозғалысын қадағалап, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  • Жүк пойыздарын жүргізетін машинистер саны – 1 685;
  • Жолаушылар пойыздарының машинистері – 357;
  • Шаруашылық және маневрлік қозғалыс машинистері – 698.

Теміржол вокзалдарында мереке күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 122 билет кассасы жұмыс істейді, оның 40-ы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында пойыздарға 81 пойыз бригадасы мен 1 600 астам жолсерік тартылған. Мерекелік түнде вокзалдарда және пойыздарда бригадалармен қатар анықтамалық бюро қызметкерлері, диспетчерлер, жол монтерлері және басқа да мамандар қызмет атқарады. Олар пойыз қозғалысының қауіпсіздігі, жүктердің сақталуы және теміржолдағы тәртіптің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

«31 желтоқсанда теміржолшылар вокзалдар мен пойыздарда жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды. Көптеген сала қызметкерлері үшін мерекені жұмыс орнында қарсы алу – кәсіби дәстүрге айналған. Олар теміржолдың сенімді жұмысын және жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз етуде өз міндеттерін адал атқарады», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады

Новости партнеров