Жанболат пен Жазира келініне ерекше сый жасады

10.04.2026 15:10

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір жазып жатыр

instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жанболат пен Жазира қара шаңырақтағы туыстарына тосынсый жасады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Туған жеріне барып, той жасаған Жазира Байырбекова қайын інісі мен абысынына шетелге демалысқа жолдама берген.

"Нұрболат пен Айгүл үйдің кенжесі болса да, жолдары үлкен. Әрдайым құрмет тұтамыз. Қашан келсек те, есік ашық, дастарқан жаюлы. Біз келеміз де бәрін шашып-шашып кетеміз, барлық ауыртпалық өздеріне қалады. Сол ауыртпалықты үндемей, қабақ шытпай көтеріп 7 келіннің міндетін атқарып отырған Айгүлге бір қошемет көрсетейікші. Осы тойда бір идея келді. Екеуіне әлемнің кез келген жеріне бір аптаға саяхат сыйлағым келеді. Таңдау өздерінен. Шетелге бармаймыз десе, Сарыағаш немесе Алматы", - деді ол. 

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір жазып жатыр. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі тойда сыйлаған көлікті қара шаңырақтағы кісілерге берген жөн болар еді деп санаған.

Оқи отырыңыз: Мейрамбек Беспаев әнші Еркеш Хасенге су жаңа көлік сыйлады