Жангелдин ауылындағы қанды қылмыс: сот отырысында 6 адам куәлік етті

Олардың ішінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің жездесі бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда бір отбасының өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі процесте 6 адам куәлік етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Олардың ішінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің жездесі бар. Ол онымен жақын қарым-қатынаста болмағанын, қандай да бір күмәнді жағдай байқамағанын жеткізді. Сотта Ақбаян мен Сұлтан жалдап тұрған пәтердің иесі де жауап берді. Ол өз сөзінде айыпталушының ешқандай ерсі мінезін байқамағанын және пәтер ақысын уақытылы төлеп тұрғанын айтты.

Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасы мен бауырларының өліміне қатысы жоқ. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады. Енді оған «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша баға берілуі мүмкін.

«Ақбаян Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностикадан өтуі қажет. Қылмыстық қудалау органы істі дұрыс шешу үшін қажет және жеткілікті мәнжайды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу мақсатында барлық шараны қабылдап жатыр. Тергеудің нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деді Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

 Оқи отырыңыз: Лицензиясыз сауда: Маңғыстауда тіркелмеген дәрілерді сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Новости партнеров