Заңсыз балық тасымалы: БҚО-да 400 келіге жуық балық тәркіленді

08.04.2026 11:45

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Polisia.kz

Өңірде “Бекіре — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында балықты заңсыз тасымалдау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау – Орал автожолының 125-шақырымында, Чапаево ауылы маңында полиция қызметкерлері танымал маркалы көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің тиісті рұқсат құжаттарынсыз 397 келі сазан және шортан балықтарын заңсыз тасымалдағаны анықталды.

Осы дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, өңірде аталған іс-шара аясында 31 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстардың заңсыз айналымына қатыспауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте ірі интернет-алаяқтықтың жолы кесілді: зейнеткерге 9 млн теңге қайтарылды