Заңсыз көші-қон арнасы тоқтатылды: полиция төлқұжаттар, мөрлер мен ақша тәркіледі
polisia.kz
Жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту барысында:
- әр түрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
- шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
- электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
- шамамен 2 млн теңге қолма-қол ақша;
- екі көлік тәркіленді. Аталған іс бойынша сотка дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жер комиссиясы мемлекетке қанша млн гектар жерді қайтарды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37