Заңсыз сауда: Астанада 6 тоннадан астам ет тәркіленді

09.04.2026 18:35
Depositphotos.com

Астанада 6 тоннадан астам етті заңсыз тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Полицейлер жүк көлігін тексеру кезінде 26 сиыр мен 5 жылқы етін анықтаған. Белгілі болғандай, өнімдер ешқандай ілеспе құжаттарсыз және қауіпсіздігін растайтын міндетті ветеринарлық таңбаларсыз тасымалданған. Жүктің иесі 48 жастағы азамат екен. Оған ветеринарлық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Ет тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Оқи отырыңыз: Елде бензин тапшылығы жоқ