Заңсыз сауда: ұрланған автокөліктерді заңдастырған қылмыстық топ ұсталды

06.02.2026 15:41

Еліміздің 8 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған ауқымды арнайы операция жүргізілді

Еліміздің 8 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған ауқымды арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыскерлерді құрықтау мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жедел әрекет еткен. Нәтижесінде заңсыз топтардың 20 мүшесі ұсталды. Олар қару-жарақты заңсыз сақтау және өткізу, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру сынды бірқатар қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазір олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Қайырлы Ахмет

Оқи отырыңыз: Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады