Жантүршігерлік жол апаты: Астадана оқиға орнында бала көз жұмды

28.05.2026 15:00

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Almaty.tv

Астанада жантүршігерлік жол апаты болды. Велосипед мінген бала жүк көлігінің астында қалып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қайғылы жағдай Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі оңға бұрылу кезінде жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, сондай-ақ тұрғын аймақтар, мектептер мен аула аумақтарының маңында барынша мұқият болуды ескертті», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Жеке деректерді қорғау мен киберқауіпсіздік күшейтіледі