Алдын ала мәліметке сенсек, екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, біреуі өртеніп кеткен
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы оқиға облыстық маңызы бар Чапай-Жаңақала-Сайқын тасжолының 50-шақырымында болған. Алдын ала мәліметке сенсек, екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, біреуі өртеніп кеткен. Салдарынан 8 адам көз жұмып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Әлімжеттілік: Талғар ауданында 9-сынып оқушысы қаза тапты