Жас маманға қолдау: Алматыдағы мектепте әдістемелік семинар өтті

Қатысушылар арасында жаңа педагогикалық идеяларды талқылауға мүмкіндік берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жас маманнан – кәсіби шебер педагогке. Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназиясында осындай тақырыпта әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың кәсіби қалыптасуына әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық шеберлігін жетілдіру, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеруіне бағыт-бағдар беру. Тәжірибелі мамандар, әдіскерлер жастарға өз іс-тәжірибелерін бөлісіп, кәсіби қызметте кездесетін өзекті мәселелер бойынша практикалық кеңестер ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар арасында жаңа педагогикалық идеяларды талқылауға мүмкіндік берілді.

«Бастама Бостандық ауданында 5 жыл қатарынан өтіп жатыр. Жылдан жылға жас мамандар келуде. Бірақ жауапкершілік, міндет көп болғандықтан қолдауымыз керек деп ойлаймын», – деді Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.

«Бүгінгішәкірт ерекше. Оларды таң қалдырудың өзі ұстазға өте үлкен жауапкершілік жүктейді. Олай болатын болса мектепке келген жас маман шынымен де білімді және білікті болуы керек», – деді М. Мақатаев атындағы № 140 гимназия директоры Сәния Тілеубай.

Оқи отырыңыз: Алматыда қалдықтың қалай пайдалы затқа айналғанын көрсетті