Ғылым мен инновация инсталляцияларын және логикалық ойлаудың символы ретінде алып шахмат тақтасын құрап тұр
Алматыдағы білім ордаларының бірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жас ұрпақ - жарқын болашақ» атты оқушылар аллеясы ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Физика-математика бағытындағы білім мекемесінің оқушылары, ұстаздары мен ата-аналары бірлесіп, жаңа қоғамдық кеңістік аумағын безендіруге ғылыми стильдегі бірегей гүл композицияларын қолданған. Мұндағы өсімдіктер жай ғана егілмей, электрондардың траекториясы бар атом моделін, ғылым мен инновация инсталляцияларын және логикалық ойлаудың символы ретінде алып шахмат тақтасын құрап тұр. Ұйымдастырушылар экологиялық тәрбиені интеллектуалды дамумен ұштастырған бұл креативті бастаманы дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.
«Оқушыларға арнайы аллея ашылды. Әр тақтайшада нақыл сөз оқушылардығ ынтасын ашып, білімге құштарлығын оятады деп ойлаймз», – деді № 33 мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Әлиев.
«Мектебіміздің ауласы биыл күрделі жөндеуден өтті және 7500-ге жуық көшет отырғызылды. Қазақстанның экологиясына, экологиялық мәселелерді шешуге осындай іс-әрекет арқылыұлес қосып, «Таза Қазақстан» акциясын қолдай аламыз», – деді № 33 мектеп-лицейінің оқушысы Абдулхамид Әбдуәли.
Оқи отырыңыз: Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді