Жасанды интеллект – білім сапасын арттырудың тиімді құралы

25.02.2026 20:25

Алматыда қалалық семинар өтті

Жасанды интеллект – білім сапасын арттырудың тиімді құралы. Бүгін осы тақырып аясында ұстаздардың қатысуымен қалалық семинар өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Іс-шараның басты мақсаты – білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы мұғалімдердің цифрлық дағдысын арттыру. Жиын барысында педагогтар жасанды интеллектінің мүмкіндіктерімен танысып, оны тәжірибеде қолдану жолдарын меңгерді. Қатысушылар мұндай мазмұнды кездесулердің кәсіби дамуға серпін беріп, салаға тың өзгерістер әкелетінін атап өтті.

«Балаларға әуелі теорияны өткіземіз, арнайы уақытта, жеке үйірмелерде қосымша дағдыландырамыз. Осының нәтижесінде жоғары белестерді бағындырып келеміз», – деді № 3 жалпы білім беретін мектеп директоры Сәуле Жұмабекова.

Оқи отырыңыз: Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер вакцинация кестесі жайлы айтты