Жасөспірімдер қауіпсіздігі басты назарда: өңірлерде кең ауқымды рейд өткізілді

06.07.2026 11:56

Іс-шара барысында 4 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

polisia.kz

“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1–3 шілде аралығында Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Абай және Ұлытау облыстарында ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілді,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шара балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеуге бағытталды. Шараға 3 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылды. Полицияға 2400 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық үшін 1500, қараусыздық пен панасыздық жүргені үшін 1000 жасөспірім жеткізілді.

Іс-шара барысында 4 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 257 ата-ана және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарынмен көшелерде болғаны үшін 1500 жуық ата-ана жауапкешілікке тартылды.

Өңірлерде іс-шара аясында жасөспірімдермен қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Аталған іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

ІІМ балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен отбасының жауапкершілігінде екенін еске салады.

Жазғы демалыс кезінде балаларыңыздың қайда жүргеніне, кіммен араласатынына және бос уақытын қалай өткізетініне ерекше назар аударған жөн.

Оқи отрыңыз: Халқы 1,67 млн-нан асты: Астана туралы 20 қызықты дерек