Жастар жаңа Конституция жобасын қолдайды - Злиха Асабай

11.02.2026 14:52

«Ассамблея жастары» республикалық жастар қозғалысының мүшесі жастардың қоғамдағы жәйттарға белсенді қатысып отырғанын атап өтті

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

«Ассамблея жастары» республикалық жастар қозғалысының мүшесі Злиха Асабай Қазақстанның жаңа Конституциясынвғ жобасын қолдайтынын, ұсынған өзгерістер қоғамды жаңартып, мемлекеттік шешім қабылдаудағы азаматтардың рөлін күшейте түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жас ұрпақ барынша ашық, жауаптылық пен ашық сұқбат қағидатына негізделген осы заманғы басқару жүйесі қалыптасқанын қалайды.

«Жаңа Конституция — бұл  демократиялық институттарды нығайтып, азаматтардың атсалысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділетті қоғам құруға бағытталған стратегиялық қадам. Жастар елдің өміріндегі оқиғаларға араласып, тұрақтылыққа үлес қосқысы келеді», — дейді Злиха Асабай.

Ол қоғамдық мүдделерді білдіру тетіктері ретінде Парламент пен Құрылтайдың рөлін күшейтуге ерекше назар аударды.

Оның пікірінше, Парламент өкілеттігін кеңейту тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтады, Құрылтайды институционалдандыру қоғамды ұйыстыра түсіп, өңірлердің белсенділігін арттыратын өте маңызды бастама болмақ.

Злиха Асабай бүгінгі таңда жастардың қоғамдағы жәйттарға белсенді қатысып отырғанын атап өтіп, жаңа Конституция жобасы өзін-өзі жүзеге асыруға, азаматтық бастамалар мен мемлекетпен өзара тиімді іс-қимыл жасауға қосымша мүмкіндік жасайтынын жеткізді.

«Біз саяси жүйені жаңғырту бағытын қолдап, бұл өзгерістер елді одан әрі дамытуға сеп боларына сенеміз», — деді жастар қауымдастығының атынан.

Оның айтуынша, жастардың конституциялық реформаларды талқылау мен қолдауға қатысуы Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын жауапты ұрпақтың қалыптасып келе жатқанына дәлел екен.

Оқи отырыңыз: Болат Закиров: Парламент пен құрылтайдың рөлін күшейту — Қазақстанның жаңа Конституциясын дамытудағы маңызды қадам