Зауыт қабылдамайды: Жамбылдағы қант қызылшасын еккен дихандардың мәселесі қашан шеліледі

28.10.2024 15:01

Биыл дихандар рекордтық көрсеткішке қол жеткізген

Жамбылдағы Меркі қант зауытының алды әлі кезекке толы. Кей жүк көліктерінің иелері 3 күннен бері сонда түнеп жүр. Себебі қызылша өңдейтін аймақтағы жалғыз зауыт өнімді қабылдап үлгере алмай жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірдегі қызылша еккен диқандардың рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін айтқан. Мұндағы алқап ауқымы 11 мың гектардан асып, өнім 640 мың тоннаға жетті. Бірақ зауыт 1,5 айда тек 171 мың тонна тәтті түбір қабылдаған. Жауаптылар күн күрт суытса, қызылшаны Қырғызстанға жібермек. Ал агросалаға жауапты мамандар келер жылы бұл қатені қайталамау үшін «Тараз қант зауытымен» келісімге келген. Ондағылар тәтті түбірді келер жылы  қабылдай алатынын айтқан.

"Кіргізбей жатыр. Біз күніне 3-4 көлік әрең кіріп жатыр. Күніне 250 тонна қабылданады. Бірақ олай емес", – деді шаруа Ғабит Тәжібаев.

"Оны толықтай модернизациялау керек. Қант құрағынан қант қызылшасына модернизациялау үшін бір жылдай уақыт кетеді. Қазір қант зауытының басшылығы жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, жылдың соңына қарай модернизациялауға кіріседі", – деді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Желеубаев.

Оқи отырыңыз: Зауыт қабылдамайды: диқандар қант қызылшасын қайда өткізерін білмей дал