Жазба қалдыруы мүмкін: жасөспірімнің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

28.01.2026 21:35

Бұл фактіні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі растады

Almaty.tv

Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы хабар әлеуметтік желіде тарады. 

27 қаңтар күні Бостандық ауданы аумағында, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелері маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 16 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірім оқиға алдында жазба қалдыруы мүмкін.

Бұл фактіні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі растады.

"Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр", - деді Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Апатты үй: Атырау облысында тұрғындары үйінді астында қалуы мүмкін