Былтыр Алматы мен бірнеше қаладағы 20-ға жуық тіс емдеу орталығына шамамен 222 миллиард теңге заңсыз аударылған. Азаматтар зейнетақы қорына жиналған қаражатты денсаулығын қалыпқа келтіру үшін емес, мүлде өзге мақсатта пайдаланыпты. Мұндай жағдай жиі қайталана бергендіктен, енді қазақстандықтарға медициналық көмек алуға уақытша тыйым салынып отыр. Қазір өтінім қабылдау тоқтатылған. «Отбасы банк» өкілдерінің айтуынша, талап қайта қаралады. Ал тақырып төңірегінде сарапшылар не дейді? Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражаты есебінен емделуге берілетін өтінімдердің күрт көбеюі нені аңғартты?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының қалалық мәслихатының депутаты, № 25 қалалық емхананың директоры Әкім Тұрсын жауап береді.
«Зейнетақы қорын емдік шараға қолдануды шектеудің себебі, Батыс өңірлерде, Қазақстанның барлық аймағында заңсыз тіс емдеуге қатысты алаяқтық іс-әрекеттер тіркелді. Сол себепті тоқтатылды. Әрине, «азаматтар ақшасы қайда жұмсаса да өзі біледі» дейміз. Дегенмен де сол жерде заңсыздық әрекетке жол берілгендіктен тоқталды.
Парламент депутаттары бұл мәселені көтеді. Түрлі ой айтылды. Әлеуметтік резонанс туындады, қазір таңда мораторий деп айтсақ болады, қысқа уақытқа нақты шешім шыққанға дейін ақшаны пайдалауға тыйым салынды.
Ал Алматы қаласы бойынша нақты цифрды айту қиын. ҚМА алаяқтық фактілерін қылмыстық іс қатысты айтып жатыр. Қазақстанның кез келген азаматы Алматыға келіп, қызмет алуы мүмкін. Сондықтан нақты ақпарат айта алмаймыз».
– Түсінікті. Ал зейнетақы жинақтарына түсетін жүктемені азайту үшін емдеуді қаржыландырудың қандай балама тәсілдері болуы мүмкін?
«Зейнетақы қоры ол қайдан шықты? Зейнетақы қорында шектік сумма жиналғаннан кейін қалғаны ақшаны Тұрғын үй жинақ банкіне аударып депозиттеріне қолдана алады. Жаңа депутаттар мәселені көтеріп жатыр дедік қой, болашақта норма қабылданар.
Денсаулыққа байланысты тек сақтандыру қорынан тегін кепілдендірілген медициналық көмек тарапынан берілмейтін медициналық қызметтерге ғана қаржы жұмсалуы мүмкін. Солай деп басында тіске жасайтын имплантты, пластикалық операцияны алған. Ал бірақ пластикалық операцияның да кейбір түрлері бар, мысалға ол күйіктен кейінгі шрамдар болады. Олардың барлығы сақтандыру қоры бойынша тегін кепілдендірілген медициналық көмек бойынша тегін емделіп жатыр».
Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар бионикалық қол протезін ойлап тапты