Желге ұшқан ақша: Жамбылда теміржол өткелі жыл өтпей бүлініп жатыр

01.12.2025 21:29

Нысан ауыл ортасын бөліп жатқан 6 жолақты теміржолдың екі жағын байланыстырады

Жамбылда 300 миллион теңгеге жуық қаржыға салынған теміржол өткелі жылға жетпей бүлініп жатыр. Аспалы көпір Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында былтыр пайдалануға берілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аспалы көпір Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында былтыр пайдалануға берілген. Нысан ауыл ортасын бөліп жатқан 6 жолақты теміржолдың екі жағын байланыстырады. Жұрт жаңа өткелді 30 жыл күткен. Алайда жеделсатысы, ашылу салтанатынан кейін-ақ істен шыққан. Салдарынан бір азаматтың аяғы қысылып, қолы сыныпты.

«Көпір салынады дегенмізге қанша болды? Қуанышымыз қойнымызға симайды. Үлкен адамның жүрегіміз тарсылдап кетеді, өте биік жасаған. Жеделсатыны тек мүгедекті бар жандар, қариялар қолданады деген, көрген жоқпыз», – деді Аса ауылының тұрғыны Қалипаш Ыстамқұлова

«Адам жарақат алып жатыр. Оны олар жасырып жатыр. Техникалық талаптарқа  сай келмейді. Мұның көтеретін салмағы сай емес екенін құжатсыз-ақ көруге болады», – деді Аса ауылының тұрғыны Ержан Дәуренбеков.

Жұрттың өтінішінен соң жергілікті билік арнайы жұмыс тобын құрып, өткелді зерделеген. Нәтижесінде жаңа жеделсатының істен шыққаның анықтап отыр. Оның үстіне баспалдақтар да қараусыз қалып, жабындысы 64 жерден бүлінген.

«Біз істеген мекемені сотқа талап арыз бердік. Талап арыздың негізінде ол мекемені жосықсыз деп таныды. Эксперт шақырып отырмыз, нақты кемшіліктерін көрсетіп береді. Мекемеге кемшіліктері жою мерзімін ескертіп, тапсырамыз», – деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков

Құрылыс компаниясының 2 жылдық кепілдік мерзімі бар. Соның аясында кем-кетікті қалпына келтірмек.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жаңа мектептер неге мерзімінде тапсырылмайды