Желтоқсан көтерілісі ұлт-азаттық күрестің жалғасы - сарапшы

Іс-шараға келгендер аға буынға көкейіндегі сұрағын қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Желтоқсан көтерілісіне арналған конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымдар үш жүз жыл бойы отарлық саясатқа қарсы жүргізген ұлт-азаттық күрестердің заңды жалғасы саналатын оқиғаның маңызын айтса, желтоқсаншылар сол кезде көзге түскен жігерлі жастардың тәуелсіздік алғанға дейін талай қиындықтарға тап болғанын сөз етті. Іс-шараға келгендер аға буынға көкейіндегі сұрағын қойды. Қазақстан тарихындағы аса маңызды кезеңге арналған жиын Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болды.

«Конференцияның мақсаты – желтоқсан оқиғасының маңызын жастарға түсіндіру. Қазақтың тарихында көтеріліс көп. Ұлы отан соғысына қатысқан кісілер жүзге таяп қалды. Олармен кездесуге мүмкіндік жоқ. Қазір жастар кездесе алатын қайраткерлер – желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар», – деді ұйымдастырушы Бейбіт Молдахметұлы.

Оұи отырыңыз: Қазақстан мектептерінде алғашқы әскери дайындықтың жаңа стандарты енгізілді

Новости партнеров