Қайтарылған активтер: Түркістан облысында өнер мектебі ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттен жымқырылған қазына қаржысын ел игілігіне жұмсау жұмыстары жалғасып жатыр Түркістан облысының Ордабасы ауданында жаңа өнер мектебі салынды. Мұнда енді 300-ге жуық бала екі ауысыммен оқып, түрлі шеберлік сабақтарына қатыса алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа нысан Темірлан ауылында 1974 жылы салынған апатты мектептің орнына тұрғызылған. Бұған дейін тар әрі ескі бөлмелерде 400-ден астам бала білім алып, 45 мұғалім жұмыс істеп келген. Енді мәселе толығымен шешімін тапты.

Бұл мектептен өнер сахнасында танылған талай талант түлеп шыққан. Сол дәстүрді бүгінгі жас буын жалғастырып келеді. Солардың бірі – фортепиано сыныбының оқушысы Алмасхан Айзере. Ол алдағы уақытта Өнер академиясында білімін жетілдіруді жоспарлап отыр.

«Мен фортепиано сыныбында 9 жастан бастап оқимын. Түркістанда өтетін облыстық сайысқа дайындалып жатырмын. Алдағы уақытта Өнер университетіне түскім келеді. Ары қарай фортепианодан дәріс алуды жалғастырғым келеді», – деді Өнер мектебінің оқушысы Айзере Алмасхан.

Мектепте фортепианодан бөлек тағы 11 үйірме жұмыс істейді. Музыкалық бағыттармен қатар ұлттық қолөнерге бейімделген сыныптар да бар. Әр үйірме жеке кабинетке орналастырылып, сабақтарды арнайы маманданған ұстаздар жүргізеді.

«Өнер мектебіне әртүрлі жастағы балалар келеді. 5 жастан бастап бейнелеу өнеріне хореография үйірмесіне аламыз. Ал музыкалық аспаптарға яғни мамандықтар бойынша 6 жастан жоғары қабылданады», – деді Өнер мектебінің директоры Айгүл Абуталипова.

Жаңа ғимараттың құрылысы биыл сәуірде басталған. Жобаға 870 миллион теңге жұмсалған. Р

Республика бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 77 мектеп салынған. Олардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астана қаласында орналасқан.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған

Новости партнеров