Желтоқсаншылар Тәуелсіздік таңы монументіне гүл шоғын қойды

17.12.2025 16:02

Оларды Республика алаңына жеткізуді әкімдік өкілдері ұйымдастырып, арнайы көлік бөлген

Ел бостандығы жолында жанын қиғандарды еске алу бүгін де жалғасын тапты. Тәуелсіздік таңы монументіне гүл қою үшін Алматының барлық ауданынан желтоқсаншылар жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Батыр аға-апаларымызды Республика алаңына жеткізуді әкімдік өкілдері ұйымдастырып, арнайы көлік бөлген. Құрбандардың рухына құран бағыштаған желтоқсаншылар өскелең ұрпақ тарихи көтерілісті сол бір оқиғаның ортасында болған адамдардан естіп өссе деген тілегін жеткізді. Көтеріліске қатысқандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек те сөз болды.

«Газ, жарық, су сынды коммуналдық мәселені 50 пайызға шешіп отыр. Оның сыртында санаторийге жолдама жылына бір рет берілетін болды. Бұрын 25 пайыз еді, қазір толық тегін. Оңай бар, тегін емделуге жағдай жасаймыз деп отыр. Жылына беретін өтемақыны 250 мың теңге еді, қазір 400 мың теңгеге дейін көтерді», – деді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Орынбасар Толысбаев.     

Оқи отырыңыз: Желтоқсан құрбандарының бейіті қайда