Жемқорлықпен күрес: Алматыда жол сапасы талқыланды

18.02.2026 13:57

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге жаңа талаптарды түсіндіру, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі бақылау тетіктерін күшейту

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты талқылауға арналған арнайы жиын өтті. деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге жаңа талаптарды түсіндіру, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі бақылау тетіктерін күшейту.

Қазіргі таңда елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қолданыста. Осыған сәйкес кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі стандарттар әзірленіп, кезең-кезеңімен енгізілуде. Орталықтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітіліп, комплаенс-саясаттың негізгі құжаты ретінде айқындалған. Құжат қызметтің жекелеген бағыттарында жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл тетіктерін нақтылайды.

Жиында автомобиль жолдары саласының тәжірибелі маманы, модератор Қалижан Серікұлы Құлманов стандарттың талаптары мен нормаларына жан-жақты тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті.

Іс-шара барысында филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлы ашықтық пен адалдық қағидаттарының маңызын ерекше атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт – жай құжат емес, бұл – әр қызметкердің күнделікті жұмысындағы басты ұстаным болуы тиіс. Жол сапасына жауапты мекеме ретінде біз қоғам сенімін бірінші орынға қоямыз», – деді ол.

Сондай-ақ директор түсіндіру жұмыстары аяқталған соң қызметкерлер арасында тестілеу өткізілетінін хабарлап, ұжымды жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенді болуға шақырды.

Мұндай шаралар мекемеде тұрақты түрде ұйымдастырылып, ашықтық пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Оқи отырыңыыз: Алматыда «Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасы таныстырылды