Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

08.04.2026 23:25

Эпицентрі Алматы облысының Іле ауданы аумағында орналасқан

Depositphotos

Алматы облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Almaty.tv ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 22:55-те тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде, Алматы облысының Іле ауданы аумағында орналасқан.

Дүмпулер Алматы облысындағы Курты ауылында сезілген. Ол жерде сезілу күші 2 балды құрады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.