Алматы маңында жер сілкінді

10.05.2025 21:43

ТЖМ өкілдері жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қағиданы есте сақтауды ұсынады

Аlmaty.tv

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығынан хабарлағандай, жер сілкінісі 10 мамырда Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта тіркелді.

Жер сілкінісінің координаттары: 42.916 С. Е. 76.766 ш. б. жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы (баллмен):

  • Алматы қаласы - 2 балл;
  • Қаскелең қаласы 2 балл;
  • Қарғалы ауылы - 2 балл.

ТЖМ өкілдері жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды есте сақтауды ұсынады:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
  • Оқи отырыңыз: Токиода домбырамен күй тартқан жапон музыканты жұртты қайран қалдырды