Zepter халықаралық компаниясы Қазақстанда 30 жылға жуық жұмыс істеп келеді
Биыл Zepter компаниясының Қазақстан нарығында қызмет атқарып келе жатқанына 29 жыл толды. Осыған орай Алматыда кәсіпорын көшбасшыларының дәстүрлі іскерлік конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Отыз сегіз жыл бұрын құрылған Zepter халықаралық компаниясы Қазақстанда 30 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Жоғары сапалы ыдыс-аяқтарды өндіруден бастаған кәсіпорын инновациялық технологияларымен алға шықты. Компания жинағында 300-ден астам тауар түрі бар. Әр аймақтан көшбасшылар жиналған іскерлік конференцияда Zepter Kazakhstan соңғы жылдардағы жетістіктерін қорытындыланды.
"Қазақстандықтар– отбасылық құндылықтарға аса мән беретін, денсаулықты бірінші орынға қоятын, әсемдік пен сұлулықты сүйетін халық. Бұл елде біздің өнімдерге деген сұраныс өте жоғары. Алдағы уақытта тауар айналымын кеңейте беруді жоспарлап отырмыз", – деді Zepter Kazakhstan бас директоры Милан Лукич.
Жиын барысында жаһандық мәселелер мен оларды шешу бойынша компанияның инновациялық өнімдері де ұсынылды. Мәселен жетекші ғалымдармен және ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе дайындалған Bioptron жарық терапиясы құрылғылары мен Hyperlight Optics линзаларына арналған инновациялық технологиялары үлкен сұранысқа ие.
"Қазақстанда 2,5 миллион тұтынушымыз бар. Бұл – іс жүзінде әрбір отбасында кем дегенде бір өнім бар деген сөз. Біздің міндетіміз – әр азаматтың ауырып ем іздемей, ауырмай жол іздеуінде көмекші болу. Бізде қазақстандық нарықта жоқ бірегей өнімдер бар", – деді Zepter international вице-президенті Неджад Соколяк.
"Компанияның мақсаты – адамның өмірін жақсарту әрі ұзарту. Ауа тазалайтын құралдар барлық үйге керек. Ішетін суымыз таза болуы керек. Bioptron –адамның денсаулығын, ағзасын тазартататын өте керемет құралдар", – деді Zepter Kazakhstan аймақтық басшысы Жаңылхан Әлібаева
Мерейтой аясында үздік қызметкерлер марапатталып, сый-сыяпат табысталды. Айта кетейік, көшбасшы өндіріс орнының әлем бойынша 80 миллионнан астам тұтынушысы бар.
Жансая Олжабек, Мейрам Исабеков