Әзербайжанның ТЖМ дәрігерлері мен құтқарушылары Ақтауға аттанды

26.12.2024 10:31

Министрлік құтқарушылары апат болған аумақта та тиісті шараларды қолға алады

Фото: МЧС Азербайджана

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің тәжірибелі психологтары, дәрігерлері мен құтқарушыларынан құралған топ Ақтауға аттанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін топ қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ТЖМ-ның «Бе-200 ТЖ» амфибия ұшағымен Ақтау қаласына жөнелтілді. 

Тrend-тің ведомствоға сілтеме жасап хабарлауынша, жүктелген міндеттерге сәйкес министрліктің психологтары зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда дәрігерлер тарапынан медициналық араласу жүргізіліп жатыр.

Министрлік құтқарушылары апат болған аумақта та тиісті шараларды қолға алады.

Еске салсақ, Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.

Оқи отырыңыз: Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға барды