Жетісу облысындағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, 3 адам зардап шекті

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Қарабұлақ ауылында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысындағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Қарабұлақ ауылында болған. Онда газ-ауа қоспасы жанусыз жарылып, салдарынан нысанның сыртқы қабырғасы мен шатырының бір бөлігі опырылып түскен. 36 шаршы метр аумаққа зиян келтірілген. Қазір төтеншеліктер үйінділерді тазалау жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ал жапа шеккен үш адам жедел жәрдем бригадасының тексеруінен кейін орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

«Салдарын жою жұмыстарына Жетісу облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан шамамен 40 қызметкер және 8 техника бірлігі жұмылдырылды. Жетісу облысы ТЖД азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және оларды уақытылы техникалық қызмет көрсетуден өткізуге шақырады», – деп хабарлайды облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Алмас Смағұлов.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрі әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізбек

 

 

Новости партнеров