Үкім заңды күшіне енген жоқ
Жезқазғанда мас күйінде көлік басқарғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Жезқазған қаласының тұрғыны автокөлікті қайтадан алкогольдік масаң күйде басқарып жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.
Аталған дерек бойынша қала полиция басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен аталған құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды мас күйінде көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады, себебі мұндай әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіріп, қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы жер жырту жұмыстары басталды