Жәбірленушілердің бірі Перизат Қайраттың анасына қатаң жаза сұрады

24.07.2025 14:54

Ол Ғайни Алашбаеваны да жауапкершіліктен босатуға болмайды деп есептейді

«Қызын қадағалап, миллиардтарды жымқыруға жол бермеуі керек еді». Перизат Қайраттың ісіне қатысты бүгінгі сот отырысында жәбірленушілердің бірі осылай деп, айыпталушының анасына қатаң жаза сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл Ғайни Алашбаеваға бағытталған жалғыз сын емес. Сот отырысына қатысқан 10-нан астам жәбірленушінің екеуі болған іске Перизаттың анасын ашық айыптап отыр. Соның бірі – Руслан Томашев. Ол айыпталушының қорына ақша аударғанын, бірақ нақты соманы айта алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол Ғайни Алашбаеваны да жауапкершіліктен босатуға болмайды деп есептейді.

«Мен айыптау тарапының барлық уәжін толықтай қолдаймын және үкіммен келісемін. Кейбір жәбірленушілер айыпталушыға жасына немесе денсаулығына байланысты жеңілдік жасау керек деп жатыр. Мен ондай нәрселерді түбегейлі тоқтату керек деп санаймын. Сондықтан үкімді өзгеріссіз қалдыруды, ешқандай жеңілдік жасамауды сұраймын. Сондай-ақ менің азаматтық талабымды қанағаттандырсаңыздар жақсы болап еді», – деді жәбірленуші Руслан Томашев.

Оқи отырыңыз: Елдегі екінші деңгейлі банктердің бірі Перизат Қайраттан шығынды өтеуді талап етті