Жоба балалардың зерттеу және бақылау дағдыларын дамытуға бағытталған
«Балаларға заманауи білім бере отырып, экологиялық сауаттылықты да арттыру маңызды». Бұл – Алматының Алмалы ауданындағы № 14 бөбекжай-балабақшасында өткен қалалық семинарға қатысушылардың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жәндіктер әлемі: Көбелек пен инелік» деп аталатын жоба бүлдіршіндердің зерттеу және бақылау дағдыларын дамытуға бағытталған. Іс-шара барысында жәндіктердің экожүйедегі рөлі және олардың адамзат үшін маңыздылығы түсіндірілді. Бұл жобаның жүзеге асуына шетелден дәріс алып келген балабақша әдіскерлері сеп болған.
«Бұл жобамен қарашадан бастап жұмыс атқарып келеміз. Бұл жобаны алған мақсат – қазір гаджеттің заманы ғой, балаларды телефоннан айыру. Зерттеу, бақылау жұмыстарын көбірек ұйымдастырамыз. Балалардың ерекшелігіне сай, әдіс-тәсілдер қолдана отырып, жәндіктер әлемімен, соның ішінде көбелек пен инеліктің пайдасын түсіндірудеміз», – деді № 14 бөбекжай балабақшасының әдіскері Динара Мамытбаева.
Оқи отырыңыз: Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр