«Жайсан» өткізу пункті арқылы Ресейден вейптерді заңсыз әкелу дерегі тоқтатылды
стоп кадр
Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жайсан-автомобиль» шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталған.
Атап айтқанда:
- 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);
- 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;
- 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.
Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 170 адамға жетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00