Жалған куәлік: Маңғыстау облысында автомектептер жұмысын тоқтатты

Автомектеп басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы прокуратурасы автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексерумен автомектептердің оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктерді жалған берудің 1 000-нан және жүргізушілерді механикалық көлік құралдарымен даярлау қағидаларын бұзудың 100-ден астам фактілері анықталды. 

Атап айтқанда, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін медициналық қарап тексеруден өтпеу, жүргізушілерге қорытынды сабақтар өткізбеу, қорытынды аттестаттау мен емтихандарды қабылдамау, оқу жоспары мен жоспар-кестесін бекітпеу, көлік құралы қосымша ажыратуыш жетегі және тежеуіш педальдарымен жабдықталмау деректері.

Сонымен қатар автомектептерде көлік құралдары мүлдем тіркелмегендігі, тиісінше практикалық сабақтарды өткізуге мүмкіншілік жоқ екендігі белгілі болды.

Тексеру нәтижесімен автомектеп басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2 автомектептің қызметі тоқтатылды. 

 «Автомектептерде практикалық сабақтар өткізуге қажетті автокөліктердің жоқ екендігі белгілі болды. Бұл өз кезегінде шын мәнінде практикалық сабақтарды өткізбейтіндігін дәлелдейді. Тексеру нәтижелерімен автомектептердің басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, қазіргі таңда 2 автомектептің қызметі тоқтатылды. Сот органдарына тиісті талап арыздар берілді. Қазіргі таңда тағы да басқа мектептердің қызметін тоқтату күтілуде», – деді Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Арон Есболаев.

Оқи отырыңыз: Есірткі саудасы: Жамбыл облысында 5 мыңнан аса банк шоты анықталды

Новости партнеров