Жамбыл облысында 4 жасар бала бетон тақталары арасында қысылып қалған

24.07.2025 08:10

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері барды.

ТЖМ

Оқыс оқиға Жамбыл облысы Үлгілі ауылында Смайлов көшесінде болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Төрт жасар бала көшеде ойнап жүріп, абайсызда бетон тақтайшалардың арасына қыстырылып қалып өздігінен шыға алмаған. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері барды. Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен плиталарды ашып, баланы босатты", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда «Келешек» бағдарламасы ресми түрде іске қосылды