Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған екі топ ұсталды

ҰҚК
ҰҚК

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдап, сатқан екі топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қыркүйекте ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 келі марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Павлодарда студент 16 жастағы қызды соққыға жықты

Новости партнеров