Жамбыл облысында ауыл әкімдері қатаң сөгіс алды

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, жұмыс талапқа сай орындалмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында ауыл әкімдері жұмысын аяқтамаған мердігерлерге миллиондаған бюджет қаржысын аударып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Меркі ауданындағы Ақермен, Ақтоған, Сармолда ауылдарында 20 көше 305 миллион теңгеге асфальтталуы тиіс еді. Бастапқыда қарқынды басталған жұмыс кейін сиырқұйымшақтанып кеткен. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «тексеріс жүргізе келе, 67 миллион теңгенің жұмысы атқарылмады» деп қорытынды шығарды. Істелген істің өзі де талапқа сай емес. Мәселен асфальт салынған кей көшелерде жұмыс толық бітпесе, енді бірінің қалыңдығы талапқа сай емес. Қазір әкімдер қатаң сөгіс алды, ал мердігерлер бар ақауды түзеуге кіріскен.

"Ауыл әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау мәселесі, ауыл ішілік жолдарының жұмысы толық қолданысқа берілмегендіктен дер кезінде кемшіліктер анықталды. Арнайы ұсыным хат енгізілды. Егер де жолдар толық қолданысқа беріліп кетсе, ауыл әкімдер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін еді", – деді ҚР Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы ІҚА Жамбыл облыстық департаменті басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында жанармай неге тапшы

 

 

 

Новости партнеров