Жамбыл облысында бойжеткеннің асқазанынан бір уыс ұйысқан шаш шықты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қыз бала іші ауырып, жүрегі айнып, тәбетінің жоғалып кеткенін айтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының хирургтері науқастың асқазанынан трихобезоар, яғни шаштан құралған тығыз түйінді сәтті алып тастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сирек кездесетін бұл диагноз дер кезінде қойылып, дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында хирургиялық жолмен жойылды.

Қабылдау бөліміне ішінің ауруына, созылмалы жүрек айнуына және тәбеттің жоғалуына шағымданған 18 жастағы қыз жеткізілген. Қарау барысында және іш қуысы ағзаларының УДЗ зерттеуінде асқазанда бөгде затқа тән белгілер анықталған. Диагноз – трихобезоар – гастроскопия мен компьютерлік томография нәтижесінде нақтыланды.

Трихобезоар — бұл трихотилломания деп аталатын психикалық бұзылысы бар адамдарда кездесетін, асқазанда жиналған шаштың тығыз массасы. Бұл дертке шалдыққандар шашты жұлып, оны жейтін әдетке ие болады. Шаш асқазанда қорытылмай, жиналып, көлемі ұлғайып, уақыт өте келе асқазан не ішектің бітелуіне, анемияға, ағзаның жалпы әлсіреуіне, ауыр жағдайларда асқазан қабырғасының тесіліп кетуіне себеп болуы мүмкін.

«Науқасқа жалпы анестезиямен лапаротомия жасалып, асқазан қуысынан ұзындығы 30 сантиметрден асатын, дерлік бүкіл көлемін алған тығыз шаш түйіні алынды”, - делінген хабарламада.

Операцияны хирургия бөлімінің меңгерушісі Ержан Есимов жетекшілік еткен хирургтер бригадасы, анестезиолог, операциялық медбике және операциядан кейінгі бақылау тобы бірлесе жүргізді.

Ота сәтті өтті, ешқандай асқыну тіркелмеді. Екінші күні науқас сұйық тағам іше бастаса, бесінші күні тиісті ұсыныстармен үйіне шығарылды.

Оқи отырыңыз: Екі баласын лақтырған: Павлодардағы жантүршігерлік оқиғаға оқушылар куә болған

Новости партнеров