Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

11.11.2024 10:20

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

ҰҚК

ҰҚК баспасөз қызметі Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дерекке қарағанда, осы жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

«Өңірдегі Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», — деп нақтылады ведомстводан.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Абай облысында жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды