Жамбыл облысында колледжден миллиондаған қаржы жымқырылған

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Оқу орнының басшылығы үш жыл бойы заңсыз ақша алып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының прокурорлары білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда облыс прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауға арналған 25,5 млн теңге қаражат жымқыру фактісін анықтады.

«Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж» басшылығы оқуға іс жүзінде қатыспаған сотталғандарға білім бергені үшін 3 жыл көлемінде қаржыландыруды заңсыз алғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 5 ақпанда облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Тергеу жүргізу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Щучинск қаласындағы спорт мектебінде балалар жаппай уланды

Новости партнеров