Жамбыл облысында ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды

the blowup/ unsplash.com/
the blowup/ unsplash.com/

Тергеу барысында оның 3 450 000 теңгенің мүлкін ұрлағаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. 23 шілдеде полицияға жергілікті тұрғын белгісіз біреудің үйіне терезеден кіріп, 2 890 000 теңге болатын алтын бұйымдары мен қолма-қол ақшасын ұрлағанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 33 жастағы Шу ауданының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында оның 3 450 000 теңгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Жалпы, күдіктінің жеті ұрлық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жүргізушіні өзінің жүк көлігі басып кетті
 

Новости партнеров