Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған 40-тан астам кәсіпкер анықталды

Бұл - соңғы 4 айдағы тексеріс нәтижесі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған 41 кәсіпкер анықталды. Бұл - соңғы 4 айдағы тексеріс нәтижесі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәселен, Мойынқұм ауданында барит кенін өндіретін компания өзіне бекітілген аумақтан шығып, 12 гектар жерді рұқсатсыз қазып тастаған.

Ал Аса өзеніндегі су қорғау аймағынан 17 компания заңсыз шағыл тас өндіріпті. Соның салдарынан, өзен арнасы бұзылып, жақын маңдағы ауылдарға қауіп төнген.

Қордайда да жеке компаниялардың саз топырақ аламыз деп, 7 гектар жайылым жерді жарамсыз еткені мәлім болды. Тіпті Тараздағы экономикалық индустриялық аймақтың жерін қазып, құрылыс заттарын тасығандар да бар көрінеді.

"Жер қойнауын заңсыз пайдалану 41 фактісі анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8 тұлғаға 9,5 млн тг штраф салынды. Ал қалғандары бойынша қазір уақытта мемлекеттік кірістер органдары тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде 11 компаниямен келісімшарт бұзылды. Олардың жерлері мемлекетке қайтарылды. Олар келісімшарт шеңберінде өздерінің міндеттемелерін орындамаған", - деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Ердос Мақашев.

Оқи отырыңыз: Модельдік агенттіктің атын жамылған: Шымкентте жас қыздарды алдап, ақша жасаған топ ұсталды

Новости партнеров