Жамбыл полиция департаменті басшысының орынбасары қамауға алынды

30.08.2025 15:10

Ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінген

Аlmaty.tv

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында полиция департаменті басшысының орынбасары қызметтен қуылып, қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметі бойынша ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінген.

— ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. 2025 жылдың 29 тамызында ол жағымсыз себептермен жұмыстан қуылған болатын, — деп жазылған ресми мәліметте.

Оқи отырыңыз: Келер жылы зейнетақы 10 пайызға өседі