Жамбылда қабір қоршауын бұзып, сатқандар қолға түсті

05.11.2024 15:29

Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр

Жамбылда қабір қоршауын қолды қылғандар қолға түсті. Тұрар Рысқұлов ауданындағы қорымды қор қылғандар бөгеп қойған темірлерді сындырып, оларды сатып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

33 және 34 жастағы облыс тұрғындары ұсталды. Полицейлер қылмыскерлердің бұған дейін де Талас ауданындағы бейіттерді тонағанын анықтады. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Олардың қоршауларды қайда өткізгені, неше молада ұрлық қылғаны анықталады.

"Аталған дерек бойынша "қылмысқа оқталу" және "адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмысқа қатысты бар-жоғын анықталуда", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Оқи отырыңыз: Пара беруге итермелеген бас директордың орынбасары сотталды