Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген
Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 тұлғаға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың басында Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтады.
Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған, - делінген ақпаратта.
Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген.
Осы жылдың маусым айында Жамбыл аудандық сотымен жоғарыда көрсетілген тұлғалар ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (діни алауыздықты қоздыру), әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды, - деп хабарлады облыстық прокуратура.
Сот үкімдері заңды күшіне енді.
Прокуратура органдары әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындағаны немесе таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Биыл 4 мыңға жуық алматылық қоныс тойын тойлайды